«Темекіні кәмпитке айырбастаймын» атты акция

29.11.2021

19 қараша күні «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК-да «Темекіні кәмпитке айырбастаймын» акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты: жастардың назарын темекі шегу проблемасына аудару, темекінің зияны туралы және зиянды әдетке балама бар екендігі туралы ойландыру. Тек, 19 күні ғана темекінің орнына кәмпит ұсынылады, ал қалған күндері білім алушылар өз қалауы бойынша денсаулығын бұзуды немесе жаман әдеттен біржола арылуды таңдауы мүмкін. Акция колледж фойесінде және жатақханада өтті. Бір күн ішінде темекіні білім алушылар ғана емес, оқытушылар да алмастыра алды. Акция барысында білім алушыларға тәуелділіктен бас тартып, темекіні кәмпиттерге ауыстыру ұсынылды. Тәттілерге темекі беруге батылы жетпегендер де болды. Ешқашан темекі шекпегендер еш алмасусыз кәмпиттермен марапатталды. Акция барысында жиналған барлық темекі жойылды.



Текст
Виртуальная приемная