Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Мамандығының үздігі» байқауы

15.12.2021

«Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК-да «Мамандығының үздігі» байқауы өтті. Іс-шараның мақсаты: «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша білім алушылардың теориялық білімі мен тәжірибелік дағдыларын бекіту, таңдаған мамандығына деген ынтасын арттыру.

Байқауға 26 топ студенттері: Әбделман Әмір, Ильин Данил, Пугаревич Николай, Шербаков Александр және 36 топ студенттері: Тарасов Данил, Куренков Вадим, Крейцер Максим, Аскаров Алдияр қатысты.

Іс-шара қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтан басталды. Байқауға қатысушылар тәжірибелік тапсырмаларды орындау шарттарымен, теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды бағалау, баллдарды есептеу және жеңімпаздарды анықтау әдістемелерімен танысты. Байқаудың барлық қатысушылары арнайы киіммен және қорғаныс құралдарымен жабдықталды. Құрамында «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушылары бар сараптама комиссиясы қатысушыларға арналған байқау тапсырмаларын жариялады, оларды өткізу шарттарымен және олардың орындалуын бағалау критерийлерімен, байқаудағы жұмыстарды бағалаудың бекітілген балдық жүйесіне сәйкес тәжірибелік тапсырмаларды орындау нәтижелерін бағалауды жүзеге асырумен таныстырды.

Жұмыс орындары еңбекті қорғау талаптарына, сайысты өткізуге қажетті жабдықтардың, құрылғылардың, құрал-саймандардың және материалдардың толық жиынтығына сәйкес дайындалды және жабдықталды.

Тәжірибелік тапсырмалар барлық байқауға қатысушылардың бірдей орындау мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей және әрбір қатысушының тәжірибелік дағдылары мен теориялық білімдерін толық көрсететіндей етіп дайындалды.

Қатысушылардың тапсырмаларды орындау кезектілігі жеребе тастау арқылы анықталды және келесі кезеңдерден тұрды:

1) форсунканы бөлшектеу және құрастыру.

2) аккумулятор батареясына техникалық қызмет көрсету.

3) Д-240 және ЗМЗ-53 қозғалтқыштарының клапанды механизміндегі жылу саңылауын реттеу.

Тәжірибелік тапсырманы орындау үшін байқауға қатысушыларға жұмыс орындары ұсынылды, сондай-ақ қатысушылар бір үлгідегі жабдықтармен, құрылғылармен, керек-жарақтармен, өлшеу құралдарымен және мүкәммалмен қамтамасыз етілді. Қатысушылар тәжірибелік тапсырмаларды жеке орындады. Тәжірибелік тапсырмалар қатысушыларды келесі құзыреттер бойынша бағалауды болжады: еңбекті қорғау бойынша ережелерді білу, жөндеу жұмыстарының технологиясын сақтау, еңбектің озық тәсілдері мен әдістерін білу, құралды білікті пайдалана білу, жұмыстарды сапалы орындау. Сараптамалық комиссиямен орындайтын жұмыстардың сапасын бағалау визуалды және өлшеу әдістерімен жүргізілді.

Байқау соңында сараптау комиссиясы қорытынды жасап, жеңімпаздарға «Мамандығының үздігі» мақтау қағазын табыс етті: 1 орын - Әбделман Әмір, 2 орын - Пугаревич Николай, 3 орын - Тарасов Данил.



Текст
Виртуальная приемная