Асфальтта сурет салу байқауы

08.06.2021

Асфальтқа сурет салу – бұл тек қана көңілді серуендеу ғана емес, сондай-ақ, балалар шығармашылығын шыңдау болып табылады. Яғни, қалам, қарындашпен қағазға сурет салудан гөрі балаға қызығырақ және өзгеше болады. Асфальтта сурет қалай шығатыны емес, балаларға үлкен қуаныш сыйлайтыны маңыздырақ.

3 маусым күні Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты бала - бақытты ел» республикалық акциясының айлығы аясында біздің колледжде асфальтта сурет салу байқауы өтті. Байқауға «Аққайың» және «Жастық шақ» жатақханаларының сурет салғанды ұнататын студенттері белсенді қатысты.

Студент шығармашылығының арқасында әсем суреттер салынды. Қатысушылардың көпшілігі шығармашылықтарын таныта отырып, өздерінің айқын қабілеттерін көрсетті. Суреттер жарқын, ерекше, ең бастысы мейірімді болды. Барлық балалар суретке деген өнерлерін көрсетті.

Жатақханалардың жанындағы асфальт өзгеріп, көңілді суреттермен толықты, «көктемгі суреттер» пайда болды: көбелектер жыпылықтап, гүлдер өсіп, күн шуағын шашты. Балалар сурет салуларын аяқтаған соң, барлығы өз суреттерін қызықтады. Суреттердің ішінен талапқа сай, түстері қанық, үйлесімді, композициялық құрылымына қарай жұмыстар бағаланды. Байқау қызықты өтті.



Текст
Виртуальная приемная