Қазіргі жастарға патриоттық тәрбие беру.

09.12.2021

Өз Отаны үшін, оның тарихы мен жетістіктері үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру және Отанға деген сүйіспеншілікке, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері мен заңдарын құрметтеуге баулу мақсатында, 2021 жылдың 11 қарашасында "Ж.Қизатов атындағы жоғары ауылшаруашылығы колледжі" КМҚК " Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры " атты викторина өткізілді.

Іс - шараны арнайы пәндер оқытушылары-Абылхалимова Аяулым Серікқызы, Жанайдаров Олжас Қазбекұлы ұйымдастырды. Викторинаға "Ветеринария"мамандығы бойынша 1 және 3 курс студенттерінен 2 команда қатысты.

Викторина 4 турда өткізілді:

1 тур "Жаттығу" - студенттер тәуелсіздіктің алғашқы жылдарының тарихы, мемлекеттік рәміздердің рөлі туралы білімдерін көрсетті.

2 тур" Ең ақылды " - студенттер география бойынша білімдерін көрсетті.

3 тур "Полиглот" - командалар мақал-мәтелдерді жалғастырды, алынған жауап қазақ, ағылшын тілдеріне аударылды.

4 тур "Бәйге" - студенттердің мемлекеттік тілді білу деңгейін көрсетті.

Командалардың жұмысын келесі қазылар алқасы бағалады:

1.Мусина Гүлзира Катрановна - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

2.Садуов Теміржан Әшірбекович-ветеринария пәндерінің оқытушысы;

3.Гайсина Гүлбаршын Байзаковна-кітапхана меңгерушісі.

Командалар мен жанкүйерлер викторина сайыстарына белсене қатысып, дипломдар мен сыйлықтармен марапатталды.



Текст
Виртуальная приемная