Өлкетану мұражайына саяхат

04.05.2021

27 сәуірде Жеңістің 76 жылдығына арналған «Патриот» айлығы аясында колледждің 1 курс студенттері Есіл ауданының өлкетану мұражайына барды. Экскурсоводтың басшылығымен студенттер ауданымыздың тарихымен танысты. Балаларды Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, ауған жауынгерлеріне, Есіл ауданының құрметті азаматтарына арналған экспозициялар қызықтырды. Біздің оқу орнымыз мақтанышпен атайтын Кеңес Одағының Батыры Жәлел Қизатов туралы экскурсоводтың әңгімесі ерекше сезіммен қабылданды.

Іс-шара барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қызықты жауаптар алды.



Текст
Виртуальная приемная