Әдістемелік бірлестіктің жұмыс конференциясы

24.01.2022

Ағымдағы жылдың 21 қаңтарында «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК-мен «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша әдістемелік бірлестіктің жұмыс конференциясы өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты: «Айыртау ауданы Саумалкөл ауылының агротехникалық колледжі» КММ, «Тимиряз агротехникалық колледжі» КММ, «Петровка аграрлық - техникалық колледжі» КММ «Жас Маман» жобасы аясында әдістемелік көмек көрсету болып табылады. Біздің колледжден оқу жұмысы бойынша директордың орынбасары Т.А.Дмитрик қатысушыларды жұмыс тобының құрамымен таныстырды; кәсіптік оқыту бойынша директордың орынбасары А.П.Ждаморев қатысушыларға осы жобадағы колледж жұмысы, қолда бар жабдықтар және бағыттың даму перспективалары туралы айтып берді; колледж әдіскері Е.А.Ионова НҚА бойынша қажетті түсініктемелер берді; бөлім меңгерушісі С.Қ.Жұмағалиевпен оқу жоспары, оған кіретін модульдер және жұмыс біліктіліктері бойынша жұмыс сәттері талқыланды. Сонымен қатар әдістемелік бірлестік құрамына ӨОЖ бойынша директордың орынбасары Е.А.Черкасова, «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығының оқытушылары Ю.А.Гильгенберг, А.А.Краснощек, А.К.Рахимгазиев кіреді. Бейне-конференция сұрақ - жауап түрінде өтті, колледждердің алдағы уақыттағы ынтымақтастығының жоспары талқыланды.



Текст
Виртуальная приемная