«Сыбайлас жемқорлықсыз әлем!» аудандық шығармалар байқауы

23.11.2021

Білім алушылардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне теріс көзқарасты қалыптастыру, жастарды адамгершілік нормаларға оң көзқарасты тәрбиелеу колледж тәрбие жұмысының басым міндеті болып табылады.

2021 жылдың қазан айында Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің студенттері «СҚО Жастар мәслихаты» ЖҚБ-мен ұйымдастырылған аудандық «Сыбайлас жемқорлықсыз әлем!» шығармалар байқауына қатысты. Байқау қорытындысы бойынша «Есеп және аудит» мамандығының 24 топ студенті Дауан Ерасыл (жетекшісі Р.Д.Тойшибекова) 1 орынға, ал «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының 10 топ студенті Мантурова Ангелина (жетекшісі Т.А.Дмитрик) 3 орынға ие болды. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.



Текст
Виртуальная приемная