КГКП «Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» базасында Қазақстан Тәуелсіздік күніне арналған дөңгелек үстел өткізіліп, білім алушылар ел тарихының маңызды кезеңдерімен тереңірек таныстырылды.
Іс-шараның мақсаты: білім алушылардың Тәуелсіздіктің тарихи маңызын түсінуіне ықпал ету, азаматтық ұстанымын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық құндылықтарға құрмет сезімін қалыптастыру.
Дөңгелек үстел барысында студенттер топтарға бөлініп, тақырыптық карточкалармен жұмыс жасады: Тәуелсіздік тарихындағы маңызды күндер мен оқиғаларды, мемлекеттік рәміздерді, бірлік пен жауапкершілік құндылықтарын талқылады. Кейін әр топ талқылау нәтижесін қағаз бетінде рәсімдеп, өз жұмысын қорғады. Қорытынды кезеңде дөңгелек үстел форматында жалпы пікір алмасу өткізіліп, студенттер «Тәуелсіз Қазақстанға жастардың үндеуі» мазмұнындағы қысқа мәтін құрастырып, оны дауыстап оқыды.
Іс-шара мазмұнды әрі мағыналы түрде өтіп, студенттердің пікірталас мәдениетін, ойларын еркін жеткізу қабілетін және Отанға деген патриоттық көзқарасын дамытуға ықпал етті.
