Кәмелетке толмағандар арасында нашақорлықтың таралуын алдын алу, сондай-ақ есірткі заттарын қолданудың салдары туралы білім алушылардың хабардарлық деңгейін арттыру мақсатында КМҚК «Ж. Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» әлеуметтік педагог «Сақ болыңыз: синтетикалық есірткілер!» атты тақырыбында профилактикалық іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында С.Г. Коновалова синтетикалық есірткілердің зияны, олардың адам ағзасына тигізетін кері әсері және есірткі ортасына тартылудың алдын алу жолдары туралы уақтылы әрі сенімді ақпарат алудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, қазіргі таңда нашақорлық мәселесі ел халқының денсаулығына және ұлттық қауіпсіздікке төнетін жаһандық қатерлердің бірі екені айтылды.
Әлеуметтік педагог білім алушыларға есірткілік және психотроптық заттардың түрлері, оларды қолданудың салдары, адам денсаулығына тигізетін зиянды әсері туралы мәлімет беріп, «жеңіл» есірткі деген ұғымның болмайтынын ерекше атап өтті.
Осындай іс-шаралар жастар арасында антинаркотикалық иммунитетті қалыптастырудың тиімді жолдарының бірі болып табылады, сондай-ақ есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысқаны, оларды жарнамалау немесе насихаттау үшін көзделген қылмыстық жауапкершілік туралы құқықтық сауаттылықты арттыруға ықпал етеді.
Іс-шара соңында Светлана Геннадьевна нашақорлық пен есірткі бизнесінің таралуына қарсы күрес, есірткіге деген теріс көзқарасты қалыптастыру мемлекет пен қоғамның, әсіресе білім беру жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Іс-шара аясында өзекті антинаркотикалық бейнеролик көрсетілді.

