12 сәуір – Ғарышкерлер күні

15.04.2021

Жыл сайын 12 сәуірде бүкіл әлемдік қауымдастық Ғарышкерлер Күнін атап өтеді. 2021 жылғы бұл күні адам баласының ғарышқа ұшқанына 60 жыл толып отыр.

Біздің колледж де шетте қалған жоқ, топтарда осы тақырыпта сынып сағаттары өткізілді. Іс-шаралардың бірін топ жетекшісі Е.С.Пашенцева 11 топта «Олар ғарышты бағындырды» тақырыбында өткізді. Сынып сағатының міндеті - біздің еліміз ғарыш саласы дамып келе жатқан санаулы мемлекеттердің бірі және оның болашағы жастардың қолында екенін атап өту.

Екатерина Сергеевна өз сөзін: «Жер планетасының тұңғыш ғарышкері Юрий Гагарин 1961 жылдың 12 сәуір жұлдызында «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Восток-1» атты кораблімен алғаш жердің орбитасын айналып ұшқан болатын. Осы сәттен, оның «Ұштық!» сөзі символдық сипатқа ие болды және ғарыш кеңістігін игеру дәуіріне бастау алды» сөзінен бастады.

Іс-шараға қатысушылар жер маңындағы орбитаны игерудегі маңызды күндер туралы хабарламаларды қызығушылықпен тыңдады, ғарышқа ұшу, ғарышкерлердің өмірі мен жұмысы туралы ақпаратпен танысты.

Ғарыш кеңістігін бағындырушылар тізіміне енген Қазақстан ғарышкерлеріне ерекше назар аударылды. Олар: Владимир Шаталов (1969, 1971 жылдары), Александр Викторенко (1987, 1989, 1992, 1995 жылдары), Тоқтар Әубәкіров (1991 жылы), Талғат Мұсабаев (1994, 1998, 2001 жылдары), Айдын Айымбетов (2015 жылы).

Оқытушы өз сөзінде қазақстандық жер адамның ғарышты игеруіне бастау бергенін, қаланың және Байқоңыр ғарыш кешенінің атауы бүкіл әлемге белгілі екенін ерекше атап өтті. Білім алушылар сұхбатқа белсенді қатысып, оқытушының әңгімесін өз сөздерімен толықтырды



Текст
Виртуальная приемная