КОЛЛЕДЖ ТАРИХИ

Ақмола Губерниялық жер басқармасының 1923 жылғы 25 қыркүйектегі бұйрығымен Ленин ауыл шаруашылық техникумы құрылды, онда тек қана «Агрономия» бөлімі болды.

1930 жылдың 10 ақпанынан техникум Ленин ауыл шаруашылық политехникумы болып қайта құрылды.

1930 жылдың қыркүйегінен техникум Ленин мал дәрігерлік-зоотехникалық техникумы болып аталды.

1932 жылдың 6 мамырынан техникум Ленин зоотехникалық техникумы болып қайта құрылды.

1932 жылдың 21 маусымынан техникум Ленин атындағы Явленка зоотехникалық техникумы болып аталды.

1930 жылдан бастап техникумда агрономия және зоотехния бөлімдері жұмыс істеді.

1930 жылдың күзінде агрономия бөлімі Петропавл қаласына ауыстырылды.

1934 жылы қайтадан «Агрономия» бөлімі ашылды.

1941 жылғы оқу жылының басында Ленин а/ш техникумы Петропавл зоотехникалық малдәрігерлік техникумына қосылды. Сол кезде техникумда үш бөлім болды: зоотехникалық, малдәрігерлік және агрономия.

1941 жылы техникум Ленин агрозоомалдәрігерлік техникумы деп аталды.

1944 жылы техникум жанында оқу шаруашылығы ұйымдастырылды.

1953 жылы мал дәрігерлік бөлімі жабылып, ол тек 1959 жылы қайта жұмыс істей бастады.

1960 жылы «Агрономия», «Зоотехния» мамандықтары бойынша сырттай білім беретін бөлім ашылды.

1970 жылы «Агрономия» бөлімі қайта құрылған Солтүстік Қазақстан кеңшар-техникумына көшірілді.

1971 жылы техникумда үш бөлім жұмыс істеді : зоотехникалық, мал дәрігерлік, а/ш механикаландыру және электрификацияландырулар (кейін механикаландыру бөлімі Петропавл қаласына көшірілді).

1973 жылы техникумның 50-жылдығына байланысты «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталды.

1989 жылы «Өндірісті ұйымдастыру және технология» бөлімі ашылды.

1991 жылы «Агрономия» бөлімі қайтадан Ленин а/ш техникумына ауыстырылды.

1997 жылы «Экономика , бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы ашылды.

1997 жылы «Ауыл шаруашылық техникумы ауыл шаруашылық колледжі» болып қайта құрылды.

1998 жылы «Құқықтану» мамандығы ашылды.

1999 жылы «Дене тәрбиесі» мамандығы ашылды.

2000 жылы «Орман және орманбақ шаруашылығы» мамандығы ашылды.

2001 жылы колледжге Кеңес Одағының Батыры Жәлел Қизатовтың есімі берілді.

2002 жылы «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы ашылды.

2006 жылы «Ғимараттар мен үй мәреттерін салу және пайдалану» мамандығы ашылды.

В 2019 году - Колледж переименнован в "Высший сельскохозяйственныйц колледж имени Жалела Кизатова".

«Ж. Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК-ның 100 жылдығына арналған «Кәсіптік білім беру мен ауыл шаруашылығы өндірісінің интеграциясы: өзекті мәселелері, тәжірибе мен даму перспективалары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдар жинағы



Текст
Виртуальная приемная