«ЖИТС-ке қарсы күрес»

29.11.2021

Жатақханада тұратын білім алушылармен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу бойынша профилактикалық әңгімелесу: «ЖИТС-ке қарсы күрес»

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні 1988 жылдан бастап жыл сайын 1-желтоқсанда БҰҰ қамқорлығымен атап өтіледі. Бұл ынтымақтастық күні және қорқынышты ауруға шалдыққан адамдарды немесе қайтыс болған адамдарды еске алу күні. Осы күнге арналған іс-шаралар аясында Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің «Аққайың» жатақханасында тәрбиешісі С.А.Аманова мен әлеуметтік педагог С.Г.Коновалова АИТВ жұқтыру себептері мен жолдары туралы: «Толеранттылық және АИТВ-инфекциясының мәселелері» түсіндіру жұмыстарына байланысты алдын алу іс-шарасын өткізді. Бұл тақырып бүгінгі күні өте өзекті және заманауи тұлғаны қалыптастырудың моральдық негіздерін қозғайды, сонымен қатар оның денсаулығы мен басқалардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ықпал етеді. Іс-шара барысында жатақхана студенттерімен «Қызыл телпек туралы ертегі» қойылымы көрсетілді, сұрақтар қойылды, студенттер пікірталасқа белсенді қатысты. Іс-шара қызықты өтті.



Текст
Виртуальная приемная