Қазақтың көрнекті ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл

31.10.2023

2023 жылы 30 қазан күні «Жәлел Қизатов атындағы ауыл шаруашылығы колледжі» ҚМҚК кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасын жүзеге асыру аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары Тойшибекова Р.Д. және Бейсенбина М.К. ұйымдастыруымен «Қазақтың көрнекті ақыны, 20 ғасырдың басындағы жазушы, ойшыл, демократ Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл» атты викторина өткізілді. Мақсаты: студенттерді Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірімен,шығармаларымен таныстыру,130 жыл толғанын атап өту. Іс-шараға 1-курс студенттері қатысып, викторинада жазушының өмірбаны мен шығармашылығы бойынша сұрақтарға жауап беріп, қосымша тапсырмалар орындады. Жазушы жайлы ұғымдарын қалыптастырды, көркем сөз оқу шеберліктерін дамытты. Іс-шара Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы бейнебаян көрсетілуімен қорытындыланды.



Текст
Виртуальная приемная