Жақсылық жасауға, жанашырлық пен мейірімділікке, бір-біріне деген ізгі қарым-қатынасқа деген қажеттілікті қалыптастыру – бүгінгі күннің басты мақсаты. Мерекені атап өту тұжырымдамасына сәйкес, бұл күні әр адам мүмкіндігінше бір игі іс атқарады, еріктілердің қатысуымен түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Әр отбасы садақа беріп, ата-бабаларын еске алып, жеті шелпек пісіріп, таратады. Дәстүрге сай, біздің колледжде де қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылып, мұқтаж студенттерге азық-түлік пакеттері таратылды. Жақсылық марафоны – тек ұйымдар мен мекемелерді ғана емес, қарапайым қазақстандықтарды да біріктіретін ұлттық қозғалыс. Бұл біздің колледж үшін де жақсы дәстүрге айналуда. Әкімшілік, оқытушылар, бухгалтерия қызметкерлері мен студенттердің жанашырлығы мен қайырымдылығының арқасында біз жылулық пен мейірімділікпен бөлісіп, ризашылыққа толы күлкілерді көре алдық. Жақын жандарға осы ойды тарату, жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтеуге үйрену, толеранттылық пен белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыру – бүгінгі күннің басты ұраны!


