16 қазан – Бүкіләлемдік нан күні!

17.10.2024

Таңдау күні 1945 жылдың 16 қазанында Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауыл шаруашылығы және азық-түлік ұйымы құрылғанымен байланысты, бұл ұйым ауыл шаруашылығын дамыту және оның өнімділігін арттыру мәселелерін шешуге арналған. Бұл сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесі, сондай-ақ нан өнімін атап өту және нан өндірісімен байланысты барлық мамандарға құрмет көрсету. Бұл тамаша мереке дастарханның берекесін келтіретін нан үшін тер төгіп, оны өндіруге үлес қосып жүрген , дихандар, ұн тартушылар, наубайханашылардың еңбектерін атап өту күні. Бүгін біз сіздерге шексіз алғысымызды білдіреміз! Сіздердің мамандықтарыңыз – жер бетіндегі ең көне, ең маңызды және ең құрметті кәсіп! Бүгінгі салтанатты іс - шарада осы оқиғаға тікелей қатысы бар колледж қызметкерлері марапатталды. Құрметті отандық аграршылар, сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, бақыт, барлық істеріңіз бен бастамаларыңызда сәттілік тілейміз! Аймағымыз бен еліміз үшін жаңа жетістіктерге жетулеріңізді қалаймыз! Әрбір үйде әрдайым жаңа піскен нанның иісі аңқып тұрсын!



Текст
Виртуальная приемная