Әр жыл сайын қараша айында колледжде экономикалық пәндер циклі комиссиясы апталығы ұйымдастырылады. Осы апталық аясында О.А.Калинина мен С.В.Подоксенова оқытушылары «Барлығы ақша туралы» атты іс-шара өткізді. Қазақстанда ұлттық валюта — теңге күні 15 қарашада аталып өтеді, бұл күн Қазақстан Республикасының «Мерекелер туралы» Заңына сәйкес белгіленген. Қазақстан теңгесі — еліміздің ұлттық валютасы. Банкноттар мен монеталарда «теңге» деген атау жазылады. Бұл атау орта ғасырларда қолданысқа енген түркі тілдеріндегі күміс монеталардың «денге» немесе «таньга» деген атауларынан шыққан. 1993 жылдың 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» жарлыққа қол қойды, бұл елімізге толыққанды банктік секторды қалыптастыруға мүмкіндік берді. Ал 1993 жылдың 15 қарашасынан бастап теңге айналымға енді. Осы күннен бастап 15 қараша ұлттық валютаның ресми күні ретінде аталып келеді. Теңгенің жобасын әзірлеу бар болғаны бір жылдың ішінде жүзеге асты. Бұл өте қысқа мерзім, мысалы, ағылшын фунты стерлингінің дизайнына 6 жыл уақыт жұмсалған. Дегенмен, теңге жоғары сапасымен ерекшеленеді, оны жасау өте қиын, себебі ірі номиналдарда 12-18 қорғаныс элементі бар. Сонымен қатар, біздің теңге Ұлыбритания патшайымынан «Алтын сапа белгісін» алған. Бүгінде теңге – Қазақстанның тәуелсіздігінің экономикалық негізі, мемлекеттік егемендігінің символы, сондай-ақ еліміздің жаңа тарихы мен болашағының маңызды бөлігі. Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың экономикалық дүниетанымын кеңейту, ақша тарихы, оның функциялары мен түрлері, сондай-ақ ұлттық валюта – теңге туралы түсініктерін қалыптастыру.


