Мен үшін бүкіл әлем

19.11.2024

«Мен үшін бүкіл әлем» атты онкүндік аясында және Бүкіләлемдік балалар күніне орай педагог-психолог Юртова В.Н. бірінші курс топтарының ұжымшылдығын арттыру мақсатында «Барлығымыз бірге болған қандай жақсы» атты тренингтер өткізді. Біздің колледждегі әр топтың өзіне тән ерекше мінез-құлқы бар. Әр студент – қайталанбас тұлға, ешкімге ұқсамайтын дара жан. Әрқайсысы өзін тыңдатып, байқатқысы келеді және қоғамда пайдалы болғысы келеді. Педагог-психологтың дұрыс ұйымдастыруының арқасында топтағы студенттер қызықты жаттығулар орындады. Осы жаттығулардан кейін әр студент өзінің бірегейлігін түсінді. Тіпті кей жағдайларда студенттер өздері туралы айтылған жылы сөздерге таң қалды. Сондай-ақ, кейбір студенттерге өмір сүруге кедергі келтіретін кемшіліктердің басқалар үшін арман екенін түсінді, мысалы, турашылдық, күлімсіреушілік, өмірге позитивті көзқарас және т.б. Осындай жұмыс түрін қолдану өзін-өзі және басқаларды қабылдау деңгейін арттыруға, эмоционалдық рефлексияны дамытуға және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуға ықпал етеді. Іс-шараның барлық мақсатына қол жеткізілді.

#Всемирный_день_ребенка

#Центр_психологической_поддержки

#Целый_мир_для_меня



Текст
Виртуальная приемная