
"СҚО әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Жалел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі" КМҚК келесі педагогтардың бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды: 1. "Агрономия" мамандығы бойынша оқытушы, магистратура немесе педагогикалық қайта даярлау білімімен-1 ставка. 2. Физика пәнінің оқытушысы-1 ставка. 3. Ағылшын тілі мұғалімі-1 ставка. 4. "Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері - 1 ставка. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі. 1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-Бар болса); 4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген); 7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8) Наркологиялық ұйымнан анықтама; 9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ЖЖБ)немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса); 10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы. 11) конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Жоғарыда аталған құжаттардың біреуі болмаған жағдайда конкурсантқа құжаттарды қабылдаудан бас тартылуы мүмкін.