Отбасы күніне арналған апта аясында педагог-психолог «Берік отбасы — қуатты мемлекеттің кепілі» атты тақырыбында тренинг элементтері бар әңгіме өткізді. Іс-шараға бірінші курс студенттері қатысты. Барысында ата-аналық жауапкершілік, дәстүрді құрметтеу және ұрпақ сабақтастығы мәселелеріне ерекше назар аударылды. Білім алушылар өздерінің отбасы тарихтарымен, әже-аталары туралы естеліктерімен бөлісіп, болашақта отбасы құруға қатысты көзқарастарын ортаға салды.
Іс-шара соңында қатысушылар мынадай ортақ тұжырымға келді: тек отбасының берік іргетасы үстінде ғана күшті, тұрақты әрі әділетті мемлекет құруға болады. Өйткені азаматтың болмысын, қоғам мен ел дамуына қосатын үлесін айқындайтын қасиеттер ең алдымен отбасында қалыптасады.


