"Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласына 5 жыл

12.04.2022

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" атты мақаласы жарияланғанына 5 жыл. Өзінің маңыздылығы, ішкі мазмұны және қойылған міндеттердің ауқымдылығы бойынша бұл құжат Қазақстан тарихының жылнамасына енді. Оның бірегейлігі-Елбасы жариялаған жаңғырту процесі бір мезгілде үш бағытта: экономиканы жаңғырту, ауқымды саяси жаңғыртудың негіздерін қалаған конституциялық реформа және қоғамдық сананы жаңғырту бағытында іске асырылатындығында. 2022 жылдың 12 сәуірі күні Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауылшаруашылығы колледжінде тақырыптық жиын өтіп, Бағдарламалық мақаланы іске асыру аясындағы жұмыстың негізгі бағыттары талқыланды. Бұл мақала біздің ата-бабаларымыз жасаған және қорғаған мемлекетіміздің тарихи мұрасын, тұтастығын, бірегейлігін, мызғымастығын сақтауға бағытталған. Бүгінгі таңда әрқайсымыздан оның болашағына үлес қосу талап етіледі.



Текст
Виртуальная приемная