«Ақын, жазушы, философ, тарихшы және композитор Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл» атты әдеби кеш

27.10.2023

Ағымдағы жылдың 27 қазан күні Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің кітапханасында қазақтың ұлы ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай «Ақын, жазушы, философ, тарихшы және композитор Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға колледждің 1-2 курс білім алушылары ат салысты. Іс-шара барысында артында өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы ақын атамыз – Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық өмір жолынан қысқаша мәлімет беріліп, терең ой мен күрделі пікірге құрылғаншығармаларынан, өнер, білім, жастарға өсиет тақырыбында жазылған өлеңдерінен үзінділер оқылды. «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» және «Ветеринария» мамандықтарының бірінші курс білім алушыларымен Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңдері жатқа орындалды, бейнесюжет тамашаланды. Аталған шара Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық мұрасын насихаттау мақсатында өткізіліп, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу болып табылады.



Текст
Виртуальная приемная