Дені сау болу – сәнді!

26.02.2026

2026 жылғы 26 ақпан күні «Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК әлеуметтік педагогы 16 және 19 топ студенттеріне «Темекі – алдамшы тұман» тақырыбында әңгіме өткізді. Темекінің денсаулыққа зияны бұрыннан белгілі. Өркениетті елдердің көпшілігінде соңғы жылдары темекі шегуден бас тарту белсенді түрде насихатталуда. Қысқасы, бүгінгі күні өз денсаулығына зиян келтіру сән емес.

Әңгіме барысында темекі шегумен күрестің өзекті мәселелері қозғалды. Студенттер никотинге тәуелділіктің зиянының негізгі себептерін анықтап, темекі шегетін адамның белгілерін талқылады.

Іс-шара профилактикалық сипатта ұйымдастырылып, студенттерге никотин құрамды заттардың зияны туралы тағы бір мәрте ескерту мақсатында өткізілді. Қатысушылар назарына «Темекі шегушінің жауапсыздығының 7 деңгейі» атты ғылыми фильм және «Қазіргі темекі неден жасалады?» бейнематериалдары ұсынылды. Бейнематериалдар темекі шегудің тарихы мен оның адам ағзасына тигізетін зияны туралы мәлімет берді.

Сонымен қатар, студенттерге «Темекіге жол жоқ!» атты ойын-викторина ұйымдастырылды. Қатысушылар сұрақтарға белсенді түрде жауап беріп, дұрыс жауаптары үшін темекінің орнына тәттілер алды.

Іс-шара соңында әлеуметтік педагог жасөспірімдерге әрдайым «Мен темекі шекпеймін! Және бұл маған ұнайды!» деп айтуға тілек білдірді. Өйткені темекіден бас тарту – әр адамның денсаулығы үшін маңызды қадам. Өзгеретін уақыт келді. Өз денсаулығымыз бен айналамыздағы адамдардың саулығына қамқор болайық! Дені сау болу – сәнді!



Текст
Виртуальная приемная