Қылмыстың алдын алудың негізгі мақсаты - оны тудыратын себептерді жою немесе бейтараптандыру арқылы оны әлеуметтік төзімді деңгейде ұстау. 2025 жылғы 17 сәуірінде педагогикалық ұжым мен студенттердің СҚО ПД ІІБ жедел уәкілі полиция подполковнигі А. Уакишевпен және Есіл ауданы ПБ өкілдерімен жастар арасында құқық бұзушылықтың, жыныстық қол сұғылмаушылықтың алдын алу, сондай-ақ білім алушылардың құқықтық санасын қалыптастыру мақсатында кездесуі ұйымдастырылды. Кездесу барысында құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілікке, жарақаттанудың және сыртқы себептерден қаза табудың алдын алу мақсатында қауіпсіздік шараларын сақтауға ерекше назар аударды. Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығы мен бостандығына қарсы қылмыстар тақырыбын да қозғады. Кездесуде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қылмыстар мен құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік мәселелері қамтылды. Колледж студенттері мен оқытушылары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға білікті жауаптар алуға мүмкіндік алды. Кездесу барлық қатысушылары үшін пайдалы және мазмұнды болып шықты.
Әрбір азаматтың міндеті - әрбір теріс қылық сөзсіз жазаға әкелетінін түсіну!

