"Сұлулыққа қамқорлық жүрек пен жаннан басталуы керек, әйтпесе ешқандай косметика көмектеспейді", - деді француз сәнгері Коко Шанель. Өкінішке орай, қазіргі қоғамда адамгершілікке тәрбиелеу және тұлғаны дамыту мәселелері материалдық құндылықтардың пайдасына екінші орынға шығады. Бүгінгі қыздар адамгершіліктің, руханилықтың, әйел рухының дамуына ерекше назар аудару керек. Бұл жасөспірім кезінде, болашақ әйел басқалармен қарым-қатынас орнатуды үйреніп, болашақта атқаратын рөлдерді игерген кезде маңызды. Осы кезеңде қыздарға қолдау көрсету өте маңызды. "Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі" КМҚК-інде Халықаралық қыздар күніне арналған іс-шаралар жоспары аясында өте маңызды, өзекті мәселе: «Тек қана қыздар арасында» атты дөңгелек үстел өткізді. Іс шарада ең бастысы - махаббат және өзіне, таңдаған адамға, болашақ перзенттеріне деген сүйіспеншілік туралы айтылды. Талқылау барысында проблемалық жағдайлар талданды, іс-шара бейне-роликті көрумен аяқталды. Іс-шара соңында студенттер (қыздарға арналған) жеке күнтізбелер алды. Қорытындылай келе, өмір ауыры мен жеңілі қатар келетін шытырман оқиғалардан тұрады, сондықтан «Бір құлап, бір тұрып, келемін ұмтылып, өмірдің ағысында. біреуден қаламын, біреуден озамын, тірліктің жарысында, жылаймын, күлемін, қажыймын, түлеймін»,- демекші - ең бастысы - адам қадір-қасиетін сақтап, өзіне деген сүйіспеншілікті ұмытпауы қажет.

