Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні

18.02.2020

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні қарсаңында 12 желтоқсанда «Ж. Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК-да «Менің Отаным-Қазақстан» атты мерекелік концерт өтті. Іс-шара колледж әкімшілігінің құттықтау сөздерімен басталып, педагогтарға, студенттер мен колледж қызметкерлеріне еңбек сіңірген құрмет грамоталары, алғыс хаттар табыс етілді. Республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы» бейнесабақ байқауында 2 орынды иеленгені үшін Ж.А.Тәттібаева Алғыс хатпен және 15000 тг. көлемінде ақшалай сыйақымен, сондай-ақ, осы байқауда 3 орынды иеленгендігі үшін А.С.Абылхалимова Алғыс хатпен және 10000 тг көлемінде сыйақымен марапатталды. «Үздік педагог 2019» байқауының облыстық кезеңінде 3 орын алғаны үшін Д.М.Төлебаева Алғыс хатпен және 10000 теңге көлемінде сыйақы алды. Облыстық ғылыми-техникалық форумға, «Заманауи әлемдегі жастар» байқауына, «Ұлы даланың ұлы адамдары» эссе байқауына қатысқандары, дартс бойынша облыстық спартакиадада 2 орынды иеленгендері, және «Ұлы даланың жеті қыры» туристік слетіне қатысқандары үшін төмендегі студенттер мақтау қағаздарымен және 3000 тг, 4000 тг көлемінде ақшалай сыйлықтарымен марапатталды: Дачкин А., Пардаев Д., Бабанина В., Кузьмина Е., Токтамысов С., Богатырев В., Абдужапарова М., Ерсаинова М., Кириченко В. Білім алушыларды дайындап, шығармашылық мүмкіндіктерін анықтағаны үшін, спорттық әлеуетін дамытуға қосқан үлестері үшін келесі оқытушылар марапатталды: Ионова Е.А., Холкина Т.В., Тойшибекова Р.Д., Краснощёк А.А., және Кушербаев Н.С. Марапатталушылар саны 43 адам. Одан әрі колледждің білім алушылары мен педагогтарының орындауында патриоттық әндер шырқалды. Вокалдық нөмірлердің эмоционалды орындалуы сұлулық пен әуен толы мерекелік әсер қалдырды.



Текст
Виртуальная приемная