Теңге – Қазақстанның егемендігін айғақтайтын маңызды атрибуттың бірі. Қазір ол тәуелсіз әрі мықты қаржылық жүйенің символына айналып отыр. Биыл Қазақстанның ұлттық валютасына 30 жыл толуда. Осыған орай, 2023 жылы 15 қараша күні «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі»КМҚК «Ақша: оның пайда болу тарихы, түрлері, функциялары, қазіргі жағдайы және экономикадағы рөлі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс - шараның негізгі мақсаты - студенттерге ұлттық мереке және ұлттық валютаның маңыздылығы туралы тереңірек түсінік беру. Іс — шара студенттердің кіріспе сөзінен басталды, олар қатысушыларды «Ежелгі Қазақстанның ақшасы», «Моңғол империясы кезіндегі монеталар», «Төл валютаның пайда болуы - теңге», "Теңгенің пайда болу тарихы" сияқты негізгі мәселелермен таныстырылды. Сондай-ақ ұлттық валюта күніне арналған слайд - презентациялар ұсынылды. Білім алушыларға қаржыгерлер рөлін атқаруға мүмкіндік берілді, «Монетный двор» бейнеролигін көргеннен кейін, олар «Мемлекеттің өз валютасын енгізу: «жақтаушы» және «даттаушы» пікірталастарына қатысты. Сондай-ақ іс-шара барысында қатысушылар эрудицияны көрсетті, мемлекеттің ақша жүйесінің құрылымын еркін модельдей алды, басқа елдердің валюталары арасында байланыс жасай алды. Іс - шара « Қазақстан валютасы туралы не білесіз?»атты сұрақ-жауаппен қорытындыланды. Өткізілген іс-шара ұлттық валютаға, оның тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігіне деген сеніммен байланысты терең мағына мен үміт әкеледі, білім алушылардың патриоттық қасиеттерін және өз елі үшін мақтаныш сезіміне тәрбиелейді.