Педагогикалық идеялар панорамасы

18.02.2020


8 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институты» теңгерімінде «Педагогикалық идеялар панорамасы» атты бейне-сабақ және бейне-дәрістің Республикалық байқауы аймақтық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау бойынша салтанатты іс-шара өтті. Марапатталушылардың арасында біздің оқытушылар да болды. «Техникалық және кәсіптік білім беруде оқытудың заманауи технологиялары» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері Жанна Алтайқызы Тәттібаева марапатталды. Оның сабағы «Аспаз» жұмысшы біліктілігі бойынша кадрларды дайындау үшін өндірістік оқытуды оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында ұсынылды. Бейне материалда нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасының қысқа мерзімді курстарында кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру кезіндегі ӨО шеберінің рөлі туралы айтылған. Шебер ұйымдастырған асханадағы өндірістік оқыту білім алушыларға ең қысқа мерзім ішінде өзін нағыз аспаздар болып сезінуге мүмкіндік берді. Әр түрлі тағамдарды дайындау және шығармашылық безендіру әдістемесі, технологиясы көрсетілді. Жалпы білім беру пәндері оқытушылары арасында «Техникалық және кәсіптік білім беруде оқытудың заманауи технологиялары» номинациясы бойынша III дәрежелі дипломмен химия және биология пәнінің оқытушысы Аяулым Серікқызы Абылхалимова марапатталды. Оның сабағы «ІІІ топтағы катиондардың аналитикалық реакциялары» тақырыбы бойынша мемлекеттік тілде ұсынылды. Сабақ «Миға шабуыл», «БББ», «Бағалау», «Пазлдар» сияқты әдістерді көрсетумен, үш кезеңнен тұрды. Студенттер қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтай отырып, III топтағы катиондардың аналитикалық реакцияларына зертханалық-тәжірибелік тапсырмаларды орындай, теориялық білімдерін көрсете алды.



Текст
Виртуальная приемная