Жыныстық тәрбие беру – бұл моральдық, этикалық және гигиеналық тәрбиені қамтитын күрделі әрі қиын міндет. Қазіргі уақытта жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу мәселесі өзекті болып отыр. Бұл соңғы жылдары алғашқы жыныстық қатынасқа түсу жасының төмендеп бара жатқанымен байланысты. «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауылшаруашылық колледжінде» КМҚК әлеуметтік педагог С.Г. Коновалова кәмелет жасына толмағандардың ақпараттануын арттыру және ерте жүктіліктің алдын алу шаралары мен салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы бейне-диспут «Ал, одан әрі не...» атты іс-шара ұйымдастырып өткізді. Бұл шара жастарды салауатты өмір салты мен отбасылық құндылықтарға баулу мақсатында өткізілді. Курс студенттерінің қыздарымен кездесу әңгімелесу түрінде өтті. Әңгіме барысында «Ерте жүктілік» атты әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді. Бұл бейнероликтер махаббаттағы қателіктер мен адамды шынайы отбасылық бақытты сезінуге мүмкіндік бермейтін иллюзиялар және жасанды түсіктің зияны туралы ой қозғайды. Әңгіме мақсаты: ерте кездейсоқ жыныстық қатынастардың денсаулық пен жасөспірімнің нәзік жанына кері әсерін көрсетіп, жастардың салауатты өмір салтына, отбасы бақыты мен амандығына, жауапты ата-ана болуға баулу, ерте жыныстық байланыстар мен жасөспірімдер арасындағы жоспарланбаған жүктілік пен жасанды түсіктердің алдын алу, өз репродуктивтік денсаулығына деген жауапкершілік қалыптастыру. Светлана Геннадьевна қыздармен репродуктивтік денсаулық мәселелері мен салауатты өмір салты қағидаларын талқылады. Әңгіме барысында қыздардың өздеріне қатысты зорлық-зомбылықты болдырмауға бағытталған мінез-құлық ережелері айтылды. Сондай-ақ ақпараттық буклеттер дайындалды. Қыз жасөспірімдер өсіп-жетілу кезеңінен ең аз психологиялық шығынмен өтіп, өздерінің репродуктивтік денсаулығына жауапкершілікпен қарауды, болашақтағы аман-есен және бақытты өмір үшін пәктікті сақтауға ынта қалыптастырады деп үміттенеміз.



