Педагогикалық әдеп туралы...

09.09.2020

2020 жылдың 08 қыркүйек күні «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК-да педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық ұжымның қарауына келесі құжаттар ұсынылды: педагогикалық әдеп Ережелері және 2020 жылдың 11 мамырдағы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген педагогикалық әдеп жөніндегі жұмысты ұйымдастырудың Типтік ережелері.

Осы Ережелерге жаңа тармақтардың енгізілуіне байланысты педагогикалық кеңестің педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңестің құрамын және педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңестің Ережесін қайта қарау қажеттілігі туралы шешімі қабылданды. Осылайша, 3-тараудың «Кеңес қызметін ұйымдастыру» 7-тармағында келесілер жазылған:

«Кеңеске мынадай тұлғалар кіреді»:

1) білім басқармаларының (бөлімдерінің) өкілдері, білім беру саласында қызметін жүзеге асыратын кәсіподақтардың және (немесе) үкіметтік емес ұйымдардың және (немесе) қоғамдық бірлестіктердің өкілдері;

2) кемінде екі педагог;

3) құрметті демалысқа шыққан педагогтер.

Кеңес төрағадан, хатшыдан және Кеңестің басқа да мүшелерінен тұрады. Кеңес мүшелерінің саны тақ болуы және 7 адамнан кем болмауы тиіс (Кеңес хатшысын есептемегенде). Педагогикалық ұжымның дауыс беруімен педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңестің келесі мүшелері анықталды:

  1. Елена Анатольевна Ионова – «Болашаққа қадам» ЖҚБ төрайымы;
  2. Игорь Анатольевич Смирнов – «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК бастапқы кәсіподақ ұйымының төрағасы;
  3. Зауреш Тайшебекқызы Тобулбаева – «СҚО әкімдігінің білім басқармасы» КММ техникалық және кәсіптік білім бөлімінің басшысы
  4. Айдын Қалиұлы Рақымғазиев – «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК бірінші санатты механика-инженерлік пәндер оқытушысы;
  5. Азамат Айтмағамбетұлы Закерин - «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК бірінші санатты дене тәрбиесі және спорт оқытушысы;
  6. Дамира Марленқызы Төлебаева - «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы;
  7. Зоя Афанасьевна Завертяева – құрметті демалысқа шыққан педагог;
  8. Татьяна Ивановна Ждаморева - құрметті демалысқа шыққан педагог.

Кеңес білім беру ұйымдарында құрылатын және педагогтердің педагогикалық әдепті сақтауы мәселелерін қарайтын алқалы орган болып табылады.

Педагогке қатысты талқылаулар және олардың негізінде қабылданған шешімдер педагогтің жазбаша келісімімен ғана жария етілуі мүмкін.

Кеңестің шешімі ұсынымдық сипатта болады.

Педагогтердің педагогикалық әдепті бұзуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

Білім беру ұйымдарының педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесіне педагогтердің педагогикалық әдепті сақтауы мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалар жүгіне алады.

Педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңестің бірінші отырысында Кеңес құрамының көпшілік дауысымен Кеңестің төрағасы мен хатшысы сайланады.



Текст
Виртуальная приемная