"Ауыл шаруашылығын механикаландыру" құзыреттілігі бойынша AgroSkills-2023

10.03.2023

Біздің колледжде жыл сайын "Ауыл шаруашылығын механикаландыру"құзыреттілігі бойынша AGROSKILLS-2023 колледжішілік кәсіби шеберлік конкурсын өткізу дәстүрге айналды. Аталған іс-шара 2023 жылы 9 наурыз күні ұйымдастырылды. Байқаудың негізгі міндеттері: - Ең үздік студенттерді ынталандыру. - "Ауыл шаруашылығын механикаландыру"мамандығын дәріптеу. - "Ауыл шаруашылығын механикаландыру" құзыреттілігі бойынша AgroSkills-2023 конкурсына алдағы өңірлік чемпионатқа қатысушыларды конкурстық іріктеу Байқауға 26 топтың студенттері қатысты: Давыдов Сергей, Павлов Кирилл, Қасен Данияр, Тихненко Алексей, Игнатенко Алексей, Осипов Андрей, Романов Максим, Зеленов Николай. Қатысушылардың тапсырмаларды орындау кезектілігі жеребе арқылы анықталды және келесі тапсырмалардан тұрды: 1. Ішкі жану қозғалтқышының иінді механизмінің (КИМ) мақсаты, жұмыс принципі және бөлшектері. 2. Төрт тактілі және екі тактілі карбюраторлы қозғалтқыштың жұмыс циклі. 3. Батарея жинағына техникалық қызмет көрсету. 4. Бөлшектің өлшемдерін штангенциркульмен алу. Теориялық және практикалық тапсырмалар оларды конкурсқа қатысушылардың барлығы бірдей орындауға мүмкіндік беретіндей және әрбір қатысушының практикалық дағдылар мен теориялық білімнің барынша толық көрінуіне ықпал ететіндей етіп дайындалды. Құрамына төраға - В. В. Завьялов және арнайы пәндер оқытушылары кіретін сараптамалық комиссия конкурсқа қатысушыларды бағалады. Байқау қорытындысы бойынша бірінші орын Романов Максимге берілді. Екінші орынды Андрей Осипов иеленді. Үшінші орынды Сергей Давыдов иеленді. Конкурстың соңында сараптама комиссиясы қорытындыларды шығарып, белсенді қатысушыларға дипломдар табыс етті.



Текст
Виртуальная приемная