«AgroSkills-2025: Кәсіби шеберлік чемпионаты – аграрлық білім берудің болашағына қадам»

18.03.2025

2025 жылғы 18 наурызда «Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледж» КМҚК ішінде AgroSkills-2025 кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Байқау келесі мамандықтар бойынша ұйымдастырылды: «Агрономия», «Ветеринария», «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Сүт және сүт өнімдерін өндіру», «Орман шаруашылығы», «Тамақтануды ұйымдастыру». Бұл іс-шара колледждің үздік студенттері мен оқытушыларын, сондай-ақ аталған салалар бойынша мамандар мен сарапшыларды бір арнаға тоғыстырды. AgroSkills-2025 чемпионатының негізгі мақсаты – студенттердің кәсіби дағдыларын жетілдіру және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Қатысушылар аграрлық сектор үшін маңызды бірқатар пәндер бойынша бақ сынасты. Жарыс нәтижесінде әр бағыт бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға дипломдар табысталды. Сонымен қатар, үздіктерге басқа өңірлерде өтетін кәсіби шеберлік чемпионаттарына қатысу мүмкіндігі берілді. AgroSkills чемпионаты – ауыл шаруашылығы саласы мамандарын даярлау сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам. Байқау барысында алған тәжірибе қатысушыларға болашақта аграрлық салада өздерін кәсіби тұрғыда жетілдіруге және табысты жұмыс істеуге мүмкіндік береді.



Текст
Виртуальная приемная