«Таза бейсенбі» акциясы

30.04.2021

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс үшін мақтаныш пен ол қандай бағамен келгенін еске алу ешқашан халықтың жадынан жойылмайды. Біз, соғыс қасіретін білмеген ұрпақ, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне олардың күнделікті өмірінде көмек көрсете аламыз. «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК еріктілерімен зейнеткерлерге көмек көрсету акциясы алғаш рет өткізіліп отырған жоқ.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығы қарсаңында колледж еріктілері таза бейсенбілік шеңберінде Покровка ауылының тыл еңбеккерлері үйлерінің ауласын жинап, абаттандыруға көмектесті.

Біздің еріктілеріміз тыл еңбеккерлері Мария Антоновна Дачкинаға, Зинаида Васильевна Карецкаяға, Василий Федорович Лапинге, Нина Дмитриевна Матвееваға барды. Барлығы еріктілерге ризашылық білдіріп, өздерін жас ұрпақтың тағдырында қажет, маңызды екенін сезініп, оларға көмектесуге тырысып жатқан жастармен кездескеніне қуанышты болды



Текст
Виртуальная приемная