2024 жылғы 18 қарашада Халықаралық темекіден бас тарту күніне орай “Ж.Қизатов атындағы жоғары ауылшаруашылық колледжінде” «Шылымды кәмпитке ауыстырамыз» ұранымен акция өтті. Акцияның ұйымдастырушылары – «Тамақтануды ұйымдастыру» мамандығының 30-тобында оқитын студенттер мен колледждің әлеуметтік педагогы. Олардың басты мақсаты – студенттерге кәмпиттің дәмі мен иісі шылымның жағымсыз дәмі мен иісінен әлдеқайда жақсы екенін көрсету болды. Оқу орнының фойесінде студенттердің үзілісте шегуді жоспарлаған шылымдары кәмпитке ауыстырылды. Дегенмен, кейбіреулер шылымдарын беруге құлықсыз болды. Шылымдарды арнайы шарт бойынша кәмпиттерге айырбастау ұсынылды: 1 кәмпит – 1 шылым. Барлық темекі шегетіндерден шылымнан кем дегенде бір күнге бас тартып, темекінің денсаулыққа қаншалықты зиян екенін ойлану сұралды. Әсіресе, «Шылымды кәмпитке ауыстырасыз ба?» деген ұсынысқа «Шекпеймін және сіздерге де кеңес бермеймін!» деп жауап берген студенттер қатты қуантты. Осындай сергек оймен алға баса беріңіздер! Жиналған шылымдар жойылды. Денсаулығыңызды күтіңіздер! Темекіден бас тартыңыздар! Жалпы, акция көтеріңкі көңіл-күймен өтті. БІЗ ШАҚЫРАМЫЗ: Келесі шылымды қолға алған кезде, әр темекі үшін үш есе төлем жасайтыныңызды есте сақтаңыз: ақшаңызды жұмсайсыз, өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына зиян келтіресіз. Ақылды адамдардың саны күннен-күнге артуда, олар шылымға мүлде жақындамайды немесе уақытында бас тартады. Шылым шегу қазіргі таңда сәнді емес!