"Ешкім де , ешқашан ұмытылмайды! " кайырымдылық акциясы

11.05.2023

2023 жылы 11 мамыр күні "Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі" КМҚК-да білім алушыларды патриоттық және еңбекке тәрбиелеу мақсатында " Ешкім де , ешқашан ұмытылмайды! " қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Осы акция аясында топ жетекшілері студенттермен бірлесіп педагогикалық еңбек ардагері З. М. Величкоға іргелес аумақты абаттандыру бойынша қайырымдылық көмек көрсету бойынша жұмыс ұйымдастырды. Бұл іс-шара ардагер оқытушыларға өз еңбектері үшін Құрмет пен Алғыс ретінде өткізілді. Колледж қызметкерлері мен студенттері ұйымдастырған осындай іс-шаралар тыл еңбеккерлерін, еңбек ардагерлерін бей-жай қалдырмады. Белсенді жастар да бірқатар жаңашыл бастама көтеріп, қайырымдылық акциясын өткізді. Осындай ізгілікті іспен жастар үй иесіне шаттық пен күш-қуат сыйлады десек, қателеспейміз.



Текст
Виртуальная приемная