"Сүйікті кітабыңды сыйла"

16.03.2023

2023 жылы 16 наурыз күні «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК кітапханасының оқу залында "Оқуға құштар колледж" жобасының тұжырымдамасы аясында "Сүйікті кітабыңды сыйла" атты акция ұйымдастырылды. Бұл акцияның мақсаты - оқырмандарды Отандық әдебиетке қызықтыру және кітапхана қорын толтықтыру мәселесі бойынша білім алушылардың назарын аудару. Іс шараның міндеті – білім алушыларды қазақ әдебиетінің үздік әдеби үлгілерімен таныстыру, сөздік қорын толықтыру, жастарды эстетикалық және рухани-адамгершілік тәрбиелеу болып табылады. Барлық сыйға тартылған кітаптар есепке алынып, кітапханада сыйға тартқан кітаптар иелері туралы мәліметтер көрмесі өтеді.



Текст
Виртуальная приемная