Қазақ халқының тұрмыс - тіршілігінде, әдет - ғұрпында ерекше орын алатын мереке - Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы.
Осы орайда, «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК кітапханасында жоспарға сәйкес 16-наурыз күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушыларының ұйымдастыруымен «Асыл қазына» атты интеллектуалдық ойыны өтті.
Ойын «Тамақтандыруды ұйымдастыру» және «Есеп және аудит» мамандығының білім алушылары арасында ұйымдастырылды. Ойынның мақсаты - ұлттық құндылықтар-дәстүрлерімізден қазіргі таңдағы маңыздылығын меңгерте отырып, білім алушларды рухани құндылықты қадірлеуге, құрмет тұтуға тәрбиелеу; атадан балаға қаймағы бұзылмай жеткен салт-дәстүрлерімізді келер ұрпаққа жеткізуге жетелеу.
Наурыз мерекесіне орай өткізілген сайысқа «Шаңырақ» және «Аманат» топтары қатыса, өздерінің білімдері мен ізденімпаздықтарын танытып, «Сөз мәйегі», «Бейне сұрақ», «Салт-дәстүр» және «Сөз тапқанға қалқа жоқ» кезеңдерінен тұратын қазақтың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары туралы ойын сұрақтарына мүдірмей жауап берді.
Наурыз мейрамы - халық дәстүрі мен әдет-ғұрыптарында тарихи және әлеуметтік-мәдени маңызы бар екенін атап өткен әділқазылар алқасы қызықты әрі тартымды өткен ойынның қорытындысын жасады.