Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа»

15.10.2024

2024 жылы 15 қазан күні «Жәлел Қизатов атындағы ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК акт залында «Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа»» атты тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Бердібек Соқпақбаевтың туған күнін атап өту, студенттерді оның шығармашылығымен таныстыру және «Менің атым Қожа» фильмінде көтерілген маңызды әлеуметтік тақырыптарды талқылау. Іс-шара Бердібек Соқпақбаевтың өмірбаяны, жетістіктері мен мәдениетке қосқан үлесі туралы тұсаукесерден басталды. Студенттер «Менің атым Қожа» фильмі туралы ақпарат алды. Содан кейін фильмнің көрсетілімі өтті, ол студенттерді өзекті әлеуметтік мәселелермен таныстырды. Фильм студенттерге қызықты болып, көрермендер үшін атмосферлық әсер қалдырды.



Текст
Виртуальная приемная