Есіл ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен әңгімелесу

07.06.2024

2024 жылы 06 маусым күні «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК бітіруші топ студенттерімен, Көкшетау қаласы М. Ғабдулин атындағы азаматтық қорғау Академиясына оқуға түсу бойынша, Есіл ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері үгіт-насихат кездесуін ұйымдастырды. Кездесуде оқуға түсу шарттары, қажетті құжаттар, оқудан өту шарттары және т. б. туралы толық ақпараттар берілді. Сонымен қатар студенттермен өрт қауіпсіздігі ережесі, қауіпсіздіктің негізгі ережелерін сақтау туралы (от жағуға тыйым салу, сөндірілмеген темекі бұйымдары мен шыны ыдыстарды қалдыру), сондай-ақ өрт қауіпсіздігі қағидалары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Суға шомылу маусымының ашылуы қарсаңында студенттерге су айдынындағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді, сондай-ақ, аудан аумағында суда жүзуге арналған Корнеевка ауылында орналасқан «Үлкен Тарангул» көлі ресми орын бар екендігін ескерте кетті.



Текст
Виртуальная приемная