«Суға Бату. Суға батып бара жатқан адамды құтқару және алғашқы көмек көрсету» туралы сұхбат

16.05.2023

15.05.2023 жылы 15 мамыр күні Ж. Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі "Ақ қайың" жатақханасында тәрбиеші С.А. Аманова және медицина қызметкері А. К. Капаровамен бірлесіп " Суға батып бара жатқан адамды қалай құтқару керек?" тақырыбында сұхбат ұйымдастырылды. "Қате аяқ астынан" деп жатады дана халқымыз. Суға батудан ешкім сақтандырылмаған. Тәжірибелі жүзуші болса да, әуесқой да... Ендеше, суға батып бара жатқан адамды қалай құтқару керек? Адамдардың суға батуының жиі кездесетін себебі – суда қауіпсіздік ережелерін сақтамау. Мысалы: мас күйінде немесе күнге қатты қызып кетіп суға түсу, таныс емес жерде жүзу, суық суда ұзақ жүзу және т.б. Адамның суға батып бара жатқаны фильмдердегідей анық көрінбейді: олардың қол бұлғап, көмек шақыратын күші болмайды. Мына белгілер апатты анықтауға көмектеседі: - Су өкпеге түскенде сәйкесінше жөтел ретінде рефлекс туындайды; - Адам түйсікті әрекет етіп, барынша көбірек ауа алуға тырысады; - Адам суға жармасып жатқандай қозғалады. Әдетте, суға батып бара жатқан адамның қолдары екі жаққа жайылып қозғалатындығы туралы айтты. Студенттер медицина қызметкері А.К. Капарованы мұқият тыңдады, содан кейін нұсқаулық әңгіме аяқталғаннан кейін жетекші сұрақтарға жауап берді.



Текст
Виртуальная приемная