12.01.2024
2024 жылдың 12 қаңтар күні «Жәлел Қизатов атындағы ауыл шаруашылығы колледжі» ҚМҚК кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасын жүзеге асыру аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары Тойшибекова Р.Д. және Бейсенбина М.К. ұйымдастыруымен білім алушыларға «Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығы» атты библиографиялық рулетка өткізілді. Іс шараның мақсаты: Әбілхан Қастеев - қазақ суретшісі және акварель суретшісі екенін және қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушы өмірі туралы тың деректер беру. Студенттерге деректі фильмді көру, «Әбілхан Қастеев — ұлы суретші» көрмесі бойынша шолу ұсынылды. Іс шара барысында Әбілхан Қастеевтің шығармашылығы туралы қызықты деректер беріліп, библиографиялық рулетка арқылы тапсырмалар орындалды.
![](/public/sova_sko_esk/files/2024/1/12/120124_123802_1.jpg)
![](/public/sova_sko_esk/files/2024/1/12/120124_123818_2.jpg)