Колледжде «Кітапханашы – яғни жасампаз!» тақырыбында танымдық әрі шығармашылық іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – кітап оқуды насихаттау, студенттердің кітапқа және кітапханаға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін, эрудициясын және танымдық белсенділігін дамыту.
Іс-шара барысында студенттер қызықты байқауларға, зияткерлік викториналарға және түрлі тапсырмаларға қатысты. Қатысушылар әдебиет саласындағы білімдерін көрсетіп, тапсырмаларды орындау барысында тапқырлық, алғырлық танытып, шығармашылық қабілеттерін көрсете білді.


