Қайырымдылық акциясы

04.03.2022

Алғыс айту күні қарсаңында «30 игі іс» іс-шаралары аясында Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінде халықтың әлеуметтік осал топтарына, атап айтқанда, көп балалы, аз қамтылған отбасыларға, жалғыз басты қарт адамдарға және әлеуметтік қорғалмаған колледж білім алушыларына көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық акциясы бастау алды.

2022 жылдың 1 наурыз күні акция аясында азық-түлік, гигиена құралдары жиналды. Жанашыр, өзгенің тағдырына бей-жай қарамайтын колледж оқытушылары мен білім алушылары қуанышпен қайырымдылыққа атсалысты. Акция барысында колледж білім алушылары мен ұйымдастырушылар азық-түлік пакеттерін беру үшін отбасыларға барды.

Отбасылардағы адамдардың жүздері шынайы қуанышқа толы болды, сондай-ақ біздерге де жылы сөздер айтылды. Біздің өмірімізде әр адам осы дүниеде жалғыз емес екенін сезінуі керек, адамдарға аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу әрбір адамның азаматтық парызы.

Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма —
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,

Өршіл болма
Өскеніңді өшіресің.


Жанашыры жоқ жарлыға
Жәрдемші бол асыға,
Қиын қыстау күндерде

Өзі келер қасыңа.

Әлеуметтік педагог С.Г.Коновалова және

ЖІК Е.С.Пашенцева

#студенческийпарламент



Текст
Виртуальная приемная