Алғыс айту күніне арналған BOOK Slam

04.03.2025

«Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» ҚМҚК кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасын жүзеге асыру аясында Алғыс айту күніне орай BOOK Slam форматында әдеби-танымдық іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – білім алушыларды кітап оқуға ынталандыру, алғыс айту мәдениетін қалыптастыру, әдеби шығармалар арқылы рухани құндылықтарды насихаттау, цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдалануға үйрету. Іс-шара барысында білім алушылар QR-код арқылы электронды оқулықтармен танысып, әдеби шығармалардан үзінді оқыды. Олар өз таңдаған кітаптарын қысқаша таныстырып, алғыс айту тақырыбындағы ойларымен бөлісті. Соңында білім алушылар оқытушыларға алғыс хаттар жазып, олардың білім мен тәрбие жолындағы еңбектеріне ризашылықтарын білдірді.



Текст
Виртуальная приемная