«Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК кітапханасында «Оқу жаңа әлемдерді ашады» атты тақырыбында BOOK Slam – оқырмандық презентация өткізілді.
Іс-шара «Адал азамат» бағдарламасын іске асыру аясында, «Балалар кітапханасы» жобасы негізінде ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында білім алушылар QR-кодтар арқылы онлайн оқулықтар мен көркем әдебиеттерге қол жеткізіп, олардың мазмұнымен танысып, пікір алмасты.
Іс-шара нәтижесінде білім алушылардың оқуға және цифрлық білім беру ресурстарына деген қызығушылығы артты.
