Ұстаз болу- жүректің батырлығы!

30.09.2022

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Жылда жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Ұстаздар күні де күздің үлесіне тиіпті. Осыған орай, Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінде «Ұстаз болу- жүректің батырлығы!» атты мерекелік концерт өтті. Мерекелік жиын колледж басшысы Б.Ж.Бұғасовтың алғашқы сөзімен ашылды. «Сіздерді Ұстаздар күні ме¬рекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ұстаздар күні – бұл дәстүрлі әрі бүкіл¬халықтық мереке десек артық айтқандық болмас. Ұлы ғұла¬ма¬лардың да ұстазы болған. Абыройлы міндетті ақаусыз атқарған мұғалімді халқымыз қашанда ерекше құрмет тұтқан. Ұстаз¬дың әр адам жүрегінен алатын орны айрықша, қолына қалам ұстатып, алғаш әліппені үй¬реткен мұғалімін жылылықпен еске алмайтындар кемде кем. Ұстаздарымызға арнап басымызды исек те артық кетпегеніміз болар»,- дей келіп, ұстаздар ұжымын СҚО Білім басқармасының жастарға тәлім- тәрбие берудегі ерен еңбегі және өмірдегі белсенді ұстанымы үшін арнайы грамотасымен марапаттады. Студенттердің атынан, қызығы мен қиыншылығы қатар келетін маман иелеріне, ізгі тілектер мен алғыс сөздер айтылып, ұжымға шығармашылық табыс, қажымас қайрат, зор денсаулық тіледі.



Текст
Виртуальная приемная