2025 жылғы 14 наурызда Бурабайда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ұлттық құрылтайдың IV отырысы өтті. 2025 жылдың 27 наурызында Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің ұжымы Мемлекет басшысы Қ-Ж.Қ. Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзін талқылады. Ел Президенті өз сөзінде ағымдағы жағдайға мұқият талдау жасап, көптеген мәселелердің жүйелі шешімдерін айтып, келешектегі міндеттерді айқындады. Ұстаздар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өткен ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінің маңызды аспектілері туралы пікірімен бөлісті, онда экономиканы дамытуға, әлеуметтік саясатқа, құқықтық тәртіп пен идеологиялық жұмысқа басты назар аударылғанын атап өтті. Колледж ұжымы Мемлекет басшысының цифрландыру және жасанды интеллект, энергетика, агроөнеркәсіптік сектор және адами капитал Қазақстанның жаңа әлемде орнықты дамуына жол ашатын негізгі факторлар болады деген пікірімен келіседі.

