19.04.2024
2024 жылы 18 сәуір күні «Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» ҚМҚК кітапханасында «Соғыс жылдарындағы әндер» атты әскери поэзия сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты: патриоттық сезімдерді дамыту, соғыс жылдарындағы әндердің мысалдарында өз Отанына деген мақтаныш сезімін қалыптастыру. Студенттердің назарына «Священная война», «В землянке», «Тёмная ночь», «День победы» әндерінің бейнежазбалары мен А.К. Ситчихинаның К. Симоновтың «Жди меня» өлеңін оқыды. Поэзия сағаты «Журавли» әнімен қорытындыланды.

