Туған өлкемізді жасыл желекке бөлеп, көркейту - баршаға ортақ міндет. Бұл туралы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша кеңейтілген кеңесінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаев елді - мекендерді абаттандыру және көгалдандыру мәселесіне назар аударған болатын. «Бұлақ көзін ашып, көзіңді қалдыр, жақсылық мұра шашып, ізіңді қалдыр, бау-бақша өсіріп, өзіңді қалдыр, жаса нұр,» – деген бабадан қалған өсиет бекер айтылмаған. Адамзат өмірінде қай заманда, қай қоғамда болмасын озық ойлы, өз заманы мен өз замандастарынан алда жүретін көшбасшылар жасыл желекке, ағаш егуге, атын қалдыруға ерекше мән берген. Дәстүрлі дінімізде үш түрлі әрекетті теңдесі жоқ сауап деп білген. Ол шөлге құдық қазу, өзенге көпір салу, жерге ағаш егу. Осы дәстүрді жалғастырған "Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі" КМҚК студенттері де акцияға жұмыла кірісіп, белсенділік танытты. 2023 жылы 13 мамыр күні студенттер оқу орнының аумағында ағаштардың 20-дан астам данасы отырғызды. Күлімдеген көктемнің шуақты күндерінде оқу мекемесінің ауласына ағаштар отырғызып, көгалдандыру жұмыстары жасалды. Жыл сайын біздің студенттер экологиялық акцияларға қатысады, өйткені мамыр айында ағаш отырғызу соғыста қаза болған ардагерлердің ерлігіне тағзым етумен іспеттес. Ағаш отырғызу – бір реттік акция емес. Ағаш егудің рухани пайдасы зор. Біріншіден оны еккен адам баласына үлкен сауап болса, екіншіден таза ауа, және желді аймақтарға әкелер пайдасы мол. Студенттер қызығушылықпен, ынта қойып бірге жұмыс істеді. Өйткені, білім алушылар өздерінің игі істер жасап жатқанын түсінеді. Кішкене уақыт соң, отырғызылған ағаш көшеттері көздің нұрын алып , колледж аумағын безендіріп көркейте түседі. Отырғызылған көшеттер тамыр жайып, керемет ағаштарға айналады деп үміттенеміз, олар қоршаған ортаны ауаның ластануынан қорғайды және біздің колледж саябағы одан да сұлу, көркем болады. Іс — шараларға қатысу экологиялық тәрбиенің аз ғана бөлігі болып табылады, өйткені жеке адам деңгейінде ойлау тәсілі өзгеруі керек. Қоршаған орта мәселелеріне немқұрайлық танытпағаны үшінқатысушылардың барлығына үлкен рахмет айтқымыз келеді. Жақсылық жасау - бұл өте оңай іс!