«Досыңа кітап сыйла» челленджі

18.02.2025

«Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» ҚМҚК кітапханасында «Досыңа кітап сыйла» челленджі өтті. Іс-шараның мақсаты – кітап оқуды насихаттау, кітап алмасу мәдениетін қалыптастыру және әдебиет арқылы достық қарым-қатынасты нығайту. Челлендж барысында студенттер өзара кітап сыйлап, сүйікті шығармалары жайлы ой бөлісті. Әрбір қатысушы өзінің таңдаған кітабының ерекшелігін түсіндіріп, оны досына не үшін ұсынғанын баяндады. Сонымен қатар, кітапханада сыйға тартылған кітаптардың көрмесі ұйымдастырылып, студенттерге әртүрлі әдеби шығармалармен танысу мүмкіндігі берілді. Іс-шара шынайы достық пен жылы қарым-қатынас аясында өтті. Студенттердің белсенділігі олардың әдебиетке деген қызығушылығының жоғары екенін және кітап арқылы білім алмасуға деген ұмтылысын көрсетті.



Текст
Виртуальная приемная