2025 жыл Қазақстан Республикасында «Жұмысшы кәсіптер жылы» деп жарияланғандықтан, биылғы «Еңбек күні» мерекесі ерекше сипатқа ие. Осы мереке қарсаңында "Ж. Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі" КМҚК «Еңбек адамы» тақырыбында интеллектуалдық ойын өтті. Іс-шараға «Есеп және аудит» мамандығының 34 тобының екі командасы қатысты.
Тақырыптық сұрақтар төңірегіндегі қызу пікірталастар, дәйекті уәждер мен қарсы дәлелдер нәтижесінде жеңімпаз команда анықталды. Қатысушылар өз сөздерінде біздің оқу орны ұлттық экономиканың осы саласына болашақ мамандар даярлайтындықтан, өздерінің де оның маңызды құрамдас бөлігі екенін атап өтті.
Ойын мақсаттары «Еңбек күні» мерекесінің міндеттерімен үйлеседі:
— жұмысшы кәсіптердің мәртебесі мен беделін арттыру;
— отбасылардағы еңбек әулеттері дәстүрін жаңғырту;
— еңбек өнімділігін ынталандыру;
— жастардың еңбекке қызығушылығын күшейту;
— еңбек ұжымдарының бірлігін нығайту.


